Ауыз ашарға 2 (екі) сағат қалғанда хайыз келді. Ораза бұзылды ма?
Ауыз ашарға 2 (екі) сағат қалғанда хайыз келді. Ораза бұзылды ма?

 

 

 

 

Сәлеметсіз бе!

Алдымен мынаны білгеніміз жөн: келген қанды хайыз қаны ретінде есептеуіміз үшін алдынғы айдағы келген хайыз тоқтаған уақыттан бастап есептегенде, арадан ең кемі 15 күн (тазалық күндері) өткен болуы шарт (яғни, екі хайыз арасы он бес күн болуы керек).

Осыған орай, сіздегі жағдайды хайыз деп есептейтін болсақ, ауыз ашар уақыты болмай тұрып келгендіктен сол күнгі оразаңыз жоққа есептеледі. Рамазан айы бітісімен, айттан кейін аталмыш күнді осы аралықта жіберіп алған өзге күндермен қосып қазасын өтейсіз. Алла оразаңызды қабыл етсін! 

 

хайыз, ораза, ауызашар, етеккір
Ораза 2017Ораза 2017
7 жыл бұрын 3876
0 пікір
Блог туралы
0
0 0 0 0 0